Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Баспасөз релизі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай (1954) «Кеңес мемлекетінің ұлы жобасы: артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Әр елдің жылнамасында дәуірлік сипат алатын оқиғалар бар. Кеңес одағының құрамында болған бұрынғы одақтас республикалар Қазақстан және басқа да тәуелсіз мемлекеттер үшін мұндай оқиға тың жерлерді игеру болды. Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестік мемлекеттің құнарлы жерлерді шаруашылыққа пайдалану мәселесі алға қойылды. Тіпті бүгінгі күн тұрғысынан қарағанның өзінде бұл орасан зор жобаны жүзеге асыру үшін 43 млн. гектар тың және тыңайған жерлерді (Қазақстан, Сібір, Волга бойы және Орал жерлерін)  жыртып, бар күшті жұмылдыру қажет еді. 1954-1961 жж. тың жерлерді игеруге КСРО-ның ауыл шаруашылығына салған барлық салымдарының 20 % жұмсалып, осының салдарынан ресейдің дәстүрлі жер шаруашылығымен айналысатын аудандарының дамуы тұралап қалды.  Елде шығарылатын тракторлар мен комбайндардың бәрі тың игеру жұмысына жіберіліп, студенттер жазғы демалыс мезгілінде, механизаторлар мерзімдік жұмысқа тартылды. Тың игеру жылдары Қазақстанда барлығы 597,5 млн. тонн егін жиналды.

Қаржы және адам күшін жүйелі түрде жұмылдыра алғандықтан, сондай-ақ табиғи факторлардың ықпалымен игерілген жерлер алғашқы жылдары өте жоғары өнім берсе, 1950 жылдардың ортасынан бастап – КСРО-да өндірілген барлық астықтың үштен бір бөлігі берілді. Алайда, қаншалықты күш жұмсалса да, алға қойылған мақсат орындалмады. 1962-1963 жж. шаңды бұрқасындар алапат қиыншылықтар туғызып, тіпті астық шықпай қалған жылдары тұқымдық қордың өзін жинау мүмкін болмады. Тың игеру өзінің дағдарысқа ұшырау кезеңіне келді де, оны өңдеудің тиімділігі 65 % төмендеді.

Конференцияда келесі мәселелер талқыланады:

  1. КСРО-ның соғыстан кейінгі жылдардағы дамуындағы азық-түлік жағдайы
  2. Тың жерлерді игерудің мақсаты мен міндеті 
  3. Тың игеру – ауыл шаруашылығы дамуының экстенсивті жолы
  4. Тың жерлерді игеру тарихы
  5. Қазақстан Хрущевтік онжылдық кезеңінде  (1954-1964 жж.)
  6. Тың жерлердегі еңбек ресурстары мен әлеуметтік мәселелерді шешу  
  7. Жобаның экономикалық тиімділігі
  8. Экологиялық және демографиялық салдарлары
  9. Әдебиет пен өнерде тың игеру эпопеясының бейнеленуі

 

Өткізілу орны:  Алматы қ.,  Шевченко көшесі, 28

                             Ғылым ордасы,

                             3-қабат,  Кіші конференц-зал

Өткізілу уақыты: 14 қазан, 2014 ж., сағ. 10.00.

Байланыс телефондары: 261 67 19; 261 01 33; 272 46 55.

 

                                        Ұйымдастыру комитеті