Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ғылым Ордасының Қазақстан ғылымының тарихы музейіне сапар


9 қазанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының магистранттары мен докторанттары оқу мен ғылымды ұштастыру мақсатында Ғылым Ордасының Қазақстан ғылымының тарихы музейінде болып, онда қойылған Қазақстан ғылымының қалыптасу тарихына қатысты жәдігерлер мен қазақстандық ғалымдардың еңбектерін тамашалады. Музейдің ғылыми қызметкері Ахмет Рахметұлы Дүйсенбаев магистранттар мен докторанттарды қазақ жерінде ғылымның дамуы, әл-Фарабиден, Мұхаммед Хайдар Дулати, Жалаири және т.б. ортағасрлық ғалымдардың еңбектерімен, патша үкіметі заманындағы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне қазақ ұлт зиялыларының мүше болуы мен ғылыми зерттеулері, кеңестік жүйе кезіндегі қазақ ғылымының даму барысы, институттардың ашылуы, ғылым академиясының салынуы, музейдің құрылу тарихымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.