Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Т.А. Апендиев Жолдау Қазақстан қоғамын ынтымаққа шақырады


Міне бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 2014 жылдың қаңтар айында «Қазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын жасап, оның еліміздің болашағына және жастарға арналғандығын баса айтты. Бұл жолдауда басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деп атап өтті. Қазақстан халқына тағы да бір Жолдауын бізге арнады. Қай кезде де Жолдаудан жақсылық күтетін халықтың үміті бұл жолы да ақталғаны анық. Республикамыздың барлық өңірлері үшін бұл Жолдау бұрынғылардан да ерекше деуге болады.

Мемлекет басшысының биылғы халыққа арнаған Жолдауы елімізде жүзеге асқан маңызды  мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен ерекшеленеді. Жолдауда барлық мәселе қамтылды. Оның ішінде Елбасымыз әлеуметтік, мәдени және білім мен денсаулық салаларындағы оң өзгерістерді атап өтті. Білім мен ғылымды дамытудағы  ірі жетістіктеріміз де айтылмай қалмады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді халық даналығы. Бүгінгідей тәуелсіз Қазақстан жағдайында,жастарға  жағдай жасалып жатқанда, ел ертеңін тәрбиелеу секілді қастерлі ұғыммен қатар тарих мамандығын бітірген жоғары оқу орны түлектері үшін жұмыс орны есігінің қай жерде болмасын айқара ашық, мамандарға сұраныс арта бермек.

Елбасы көтерген қай мәселе болмасын, аймақтарда өз жалғасын тауып, жүзеге асып жатқанын көзімізбен көріп жүрміз. Мәселен, өзім еңбек ететін білім ордасында Президент Жолдауына сәйкес қыруар іс тындырылып жатыр. Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының басшысы Әбжанов Ханкелді Махмұтұлының қолға алуымен институтымызда оң өзгерістер мен жетістіктер көп. Тарих ғылымын дамытуға байланысты түрлі шаралар ұйымдастырылып, ғылым жүйесіндегі несиелік және инновациялық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп, жас ғалымдарға ерекше қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар ғылымға ұмтылған жастарға қаржылай көмек көрсетілуде. Жалпы, білім саласындағы игі істердің барлығы Елбасының осы бағытқа айрықша назар аударуының арқасында жүзеге асуда. Демек, Президентіміздің кезекті Жолдауы біздің болашаққа  деген сенімімізді нығайта түсетіні анық.

Елбасымыздың аузынан ғылымның сапасын арттыру керектігі айтылды. Дегенмен ғылым саласына қолдау аздау болатын. Енді сол олқылықтың орны толары анық. Елбасымыз ғылым саласын дамыту арқылы еліміздің жас ғалымдарын ғылымға деген құштарлығын арттыруға қол жеткізетініне Үкіметтің көзін жеткізіп отыр.

Кез-келген елді дамытушы негізгі күш – жастар екені белгілі. Қазақ халқы мұны «жас келсе – іске» деп бағзы замандардан айтып келеді. Ия, адам жас кезінде алғыр, ізденімпаз, жаңашыл, қайсар, жігерлі болады. Сондықтан жастарға дер кезінде жақсы білім, тәрбие беріп, дұрыс бағыттау қажет. Сонда ғана жастардың жастық жігері еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосады.

Бұл ретте жастардың дамуына ең үлкен үлесін тигізіп отырған – Елбасының жүргізіп отырған саясаты. Жастарға арналған «Болашақ», «Қолжетімді баспана-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Жасыл ел», «Жастар – Отанға», «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жастар кадрлық резерві» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзе­ге асырылып отыр.

Елбасы жолдауында «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деп жастарды жаңа биіктер мен белестерді бағындыруға шақырды. Сондықтан жастар өздерінің, отбасыларының және мемлекетіміздің болашағы үшін Елбасының үдесінен шығулары қажет. Осы ретте Елбасының жолдауына арналған іс-шаралардың пайдасы мен берері мол.

Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырғанын айта келе үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық деп атап өтті. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтты.

Тағы бір жайт – тіл мәселесі. Сондықтан Елбасымыз да тілді дау-дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру – баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте тиянақты ұғындырды деп ойлаймын.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет! – деп нық тоқталды.Осы жолдаудан кейін, әр саладағы жас ғалымдар өз бағыттары бойынша жұмыстарын бастап та кетті.

Ел басы «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдап, бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші жастар болып бірігіп жұмыс атқарсақ мемілекетімізбен алдағы тарихымыздың дамуына үлкен өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.

 

Түйіндеме 

Бұл мақалада Елбасының халыққа жолдаған жолдауы талданған. Автор, әсіресе, осы жолдаудағы Елбасының жастар туралы көтерген мәселесін қарастырған.

 

Резюме 

В данной статье рассматривается послание Президента народу Казахстана. Автор особое внимание уделяет проблемам молодежи.

 

Summary 

In this article author analyzed Adress President of Kazakhstan to the people. Also author considers problems of young people.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ // ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 2014 ж.
  2. Қасым-Жомарт Тоқаев. Мәңгілік ел – Қазақстан Ұлттық идеясы және мемілекеттік идеологиясы // Егемен Қазақстан. – 21 қаңтар, 2014 ж. – 3 б.
  3. Идеясы мәңгілік ел! // Алты Алаш. – №1 (104). – 24 қаңтар, 2014 ж. – 3 б.
  4. Елбасы Жолдауы – ғалымдар қолдауы. // Егемен Қазақстан. – 24 қаңтар, 2014 ж. – 5 б.