Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті


Институтта Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына арналған «Кеңес мемлекетінің ұлы жобасы: жетістіктері мен кемшіліктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға алыс және жақын шетелден белгілі ғалымдар қатысты, атап айтқанда, Ресейден У.Д. Алиев атындағы Қарашай-Шеркес мемлекеттік универсиетті Филология институтының қарашай және ноғай филологиясы кафедрасының профессоры, фил.ғ.д. Н.Х. Суюпова, АҚШ-тан Гарвард университеті тарих факультетінің PhD докторанты М.А. Блэквуд, сонымен қатар қазақстандық ЖОО-ның профессорлары Б.Т. Берлібаев, В.И. Голикова, ҚР ҰҒА академигі М.Х. Асылбек және басқа да ғалымдар қатысты. Конференция жұмысы институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов модератор міндетін атқарды. Ол кіріспе сөзінде, тың эпопеясының тарихта өшпес із қалдырғандығын, тың игерудің оң және теріс тұстарына тоқтала келе, тың игеру науқанының ұлттық тілді, демографияға теріс ықпалы, ұжымшар мен кеңшарлардың құрылуы, жол салу, құрылыс жұмыстарының жүргізілуі, кенттердің пайда болуы Қазақстан үшін оңтайлы әрекеттер болып саналды.

ХХ ғасырдың 40-шы жылдарындағы Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру тарихына шолу жасаған т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов, бұл мәселенің соғысқа дейінгі жолға қойылғандығы, ауылшаруашылығын экстенсивті түрде игеру жағдайларына тоқталды. Революциядан бұрын көзделгенін, Қазақстанның таңдауы емес Мәскеудің шешімі екендігін айтып өтті. Институттың БҒК, т.ғ.д., профессор Ж.Б. Абылхожин тың игерудің жетістіктері мен қателіктері мәселесі төңірегінде өзіндік ойын баяндады. РФ-нан келген ғалым Н.Х. Суюнова өз баяндамасында аталмыш тақырыптың ноғай ұлты үшін де маңыздылығын айта келе, ноғай әдебиетіндегі ауылдардың әлеуметтік құрылымы мәселесіне талдау жасады. Сонымен қатар, Насипхан Хусинқызы институтқа ноғай ұлтының тарихы мен әдебиетіне қатысты бірнеше құнды кітаптарды сыйға тартты. Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры, т.ғ.д. Б.Т. Берлібаев тың игеру науқанына орыстандыру саясатының жүзеге асырылуы мен салдарлары мәселесіне баяндамасын арнады. Қазақ-Американ университетенің профессор ассистенті В.И. Голикова Қазақстанның тың игерілген аймақтарындағы этнолингвистикалық саясаты мәселесі аясында ғылыми баяндама жасаса, шетелдік жас ғалым М.А. Блэквуд Хрущев тұсындағы Қазақстандағы ұлттық және кадрлар саясатына қатысты мағлұматтарды өзінше саралап баяндады. Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., доцент А.И. Құдайбергенова тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістер, атап айтқанда, Қазақстандағы демографиялық ахуал, халықтың орналасу ерекшеліктері мәселесін баяндады. Т.ғ.к. С.Ә. Асанова Қазақстан тарихындағы тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесінің әдебиет пен өнер саласында көрініс табуы мәселесіне тоқталды.

Конференция жұмысы т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі М.Х. Асылбектің қорытынды сөзімен аяқталды. Ғалым Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесінің отандық тарих ғылымында алар орны мен маңыздылығы, тарихи салдары, артықшылықтары мен кемшілік қырларына түйін жасап, өзіндік баға берді. Келесі кезекте сөз алған т.ғ.д. А.У. Тоқтабай тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы солақай саясат туралы ең көп жазған жазушылар мен әдебиетшілер екендігін айта келіп, жазушы І. Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр» атты кітабында ең алғаш рет Қазақстандағы номенклатуралық қызметке орналастыру, тағайындау тек орталықтан ғана шешілгендігін нақты мысалдар арқылы баяндады.

Конференция алға қойған өзіндік мақсатына жетті деп санаймыз.