Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жас тарихшы ғалымдардың жиыны


2014 жылдың 24 қазанында Астана қ. ҚР БҒМ ҒК  Мемлекет тарихы институтында Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы мүшелерінінң жиыны өтті. Жас ғалымдардың бұл басқосуында қауымдастықтың жұмысы мен өткен жылғы өткізілген іс-шараларға есеп беру мәселелері көтерілді.

Аталмыш мәселе төңірегінде біздің институт жастары «Жас ғалымдар» Кеңесі отырысында өзара ой қозғап, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды. Аталмыш жиынға институт тарапынан ғылыми қызметкер, PhD докторант Т.А. Апендиев қатысты. Жас тарихшылар қауымдастығы назарына институттың жас тарихшы ғалымдары ұсыныстары мен пікірлерін ұсынды.

Жиынның қорытындылары отандық жас тарихшы ғалымдардың ғылыми ынтымақтастығы мен тарих ғылымын дамыту жолында бірілесе іргелі істер атқарып, игі нәтижелерге қол жеткізуіне бетбұрыс жасайды деп ойлаймыз.

           

Жас ғалымдар кеңесінің хатшысы

Оралова Ақнұр Амангелдіқызы