Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 20 – 26.10.14


20.10.14. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазМҰУ-дың «Concordia» театрында өткен мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-дәрігер, тарихшы Санжар Асфендияровтың туғанына 125 жыл толуына арналған салтанатты жиынға институт қызметкерлерінен Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. З.М. Төленова мен Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК, PhD докторант А. Жүнісбаев қатысты.   

20.10.14. Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова мен Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК Р.Е. Оразов Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан құрылған Ж. Баласағұн атындағы ғылыми-зерттеу орталығының ашылу салтанатына қатысты.

21.10.14. «Актюбинский вестник» газетінің №132 санына Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. С.Е. Әжіғалидың «Памятники – в надежные руки» атты мақаласы жарияланды.

21.10.14. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасында «Қазақстандағы арыстандар» тақырыбы аясында сұхбат берді.

24.10.14. ҚР президенті мұрағатында танымал ақын, қоғам қайраткері С. Сейфуллиннің 120 жылдығына орай өткізілген дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов (баяндама тақырыбы – «С. Сейфуллин – қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері») пен т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева (баяндама тақырыбы – «С. Сейфуллин шығармаларындағы тарихи деректер») қатысып, баяндама жасады.  

24.10.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың «Егемен Қазақстан» газетінің №207 (28430) санына «Бүгінгі күннің би басылымы» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

24.10.14. «Президент және халық» газетінің №43 (477) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. К.Қ. Нұрымбетованың «Алаш» қозғалысы: зертелетін тұс көп» тақырыбында мақаласы жарияланды.

24.10.14. «Президент және халық» газетінің №43 (477) санына Ежелгі және ортағасыр мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Ә. Дәулетханның «Батыс түрік қағанаты қашан құрылды» атты мақаласы жарыққа шықты.

25.10.14. «Вечерняя Астана» газетінің №120 (3196) санына институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың «Декларация о суверенитете – первый шаг к независимости Казахстана» атты мақаласы жарық көрді.

25.10.14. «Вечерняя Астана» газетінің №120 (3196) санында институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың «Мы – продолжители великих дел предков» тақырыбында берген сұхбаты жарияланды.

25.10.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-де өткен (Түркістан қ.) «Түркістанды түркі дүниесінің рухани орталығы ретінде қалыптастыру мәселелері» атты халықаралық конференцияға қатысып, «Абылайхан және Түркістанның бүгіні мен ертеңі» тақырыбында баяндама жасады.