Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Нүсіпбеков оқулары


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2014 ж. 22-26 желтоқсанда ІІ-ші А. Нүсіпбеков оқуларын өткізеді.

ІІ-ші А. Нүсіпбеков оқулары аясында өткізілетін іс-шаралар:

  1. «Академик А. Нүсіпбеков және «Қазақстан тарихы» академиялық басылымдарын даярлау тәжірибесі» Республикалық ғылыми-практикалық конференция, сондай-ақ ағымдағы жылда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жарыққа шыққан ғылыми еңбектердің салтанатты тұсаукесер рәсімі өтеді  (22 желтоқсан, сағат 10.00);
  2. «Тарих ғылымы: жас ғалымдардың үлесі мен рөлі» атты институт жас ғалымдарының дөңгелек үстелі (22 желтоқсан, сағат 15.00);
  3. Санжар Асфендиаровтың 125-жылдық мерейтойына орай «Санжар Асфендиаров және ұлттық тарих» тақырыбында Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Санжар Асфендиаровтың төрттомдық шығармалар жинағының және санжартанушы А. Жүнісбаевтың «Санжар Асфендиаров: өмірі мен қызметі (1889-1938)» атты монографиясының  салтанатты тұсаукесер рәсімі өтеді  (23 желтоқсан, сағат 10.00.);
  4. «Әділет» қоғамына – 25 жыл» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция (24 желтоқсан, сағат 10.00);
  5. «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы (XIV–XVII ғғ.)» тақырыбына және ғалым К.А. Пищулинаның 80 жасқа толуына арналған дөңгелек үстел (24 желтоқсан, сағат 15.00);
  6.  Көрнекті ғалым Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің (1906-1997) өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақжан әл-Машани мұрасы және ұлттық ғылыми зерде» атты дөңгелек үстел (25 желтоқсан, сағат 11.00)
  7. «Тереңіміз еді ғой теңіз дерлік…». Академик Әлкей Марғұланның 110 жыл толуына арналған  дөңгелек үстел  (26 желтоқсан, сағат 11.00).

Іс-шара жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.
ІІ-ші А. Нүсіпбеков оқуларына қатысамын деушілерге есік ашық.
Институттың мекен-жайы:   050100 Алматы қ., Шевченко к., 28.
ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. Байланыс телефондары және факс: 8 (727) 261 16 35; Факс: 8(727) 261-67-19. Электронды байланыс: kazhistory@bk.ru

Ұйымдастыру комитеті