Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Академик А. Нүсіпбеков және «Қазақстан тарихы» академиялық басылымдарын даярлау тәжірибесі» тақырыбына республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция


АҚПАРАТ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2014 ж.  22-желтоқсанда «Академик А. Нүсіпбеков және «Қазақстан тарихы» академиялық басылымдарын даярлау тәжірибесі» тақырыбына  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, сондай-ақ ағымдағы жылда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жарыққа шыққан ғылыми еңбектердің тұсаукесерін өткізеді.

Конференция жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

1-секция. А.Н. Нүсіпбеков және оның Қазақстан тарих ғылымының қалыптасуындағы рөлі.

ІІ-секция. «Қазақ КСР тарихы» көптомдығын дайындаудың теориялық және методологиялық негіздері.

Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2014 жылдың 15 желтоқсанына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ.,  Шевченко к., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

 

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 8 (727) 261 16  35

Факс: 8(727) 261-67-19

Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электонды адреске жіберуіңізге болады:

 E-mail: kazhistory@bk.ru  g_uskembaeva@mail.ru  

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

  

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

 

«Академик А. Нүсіпбеков және «Қазақстан тарихы» академиялық басылымдарын даярлау тәжірибесі»

Өскембаева Г.Ж.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

(Алматы, Қазақстан)

            Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].

 

­­­­­­­­­­­­­­­­­­

­­­­­­­­­­________________

 

1 Нұрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері: тарихи талдау (1991-2008 жж.).  – Алматы: Нұрай Принт Сервис, 2011. – 128б.

2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.

3 Адам құқығы жөніндегі комиссия жұмысы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)

 

 

«Академик А. Нүсіпбеков және «Қазақ КСР тарихы» көптомдығын дайындау тәжірибесі»  тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

 ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________

Қонақ үй қажеттілігі:___________________________________________________________

 

Ұйымдастыру комитеті