Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Санжар Асфендиаров және ұлттық тарих» тақырыбында Халықаралық ғылыми-теориялық конференция


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ІІ-ші А. Нүсіпбеков оқулары аясында 2014 ж. 23-желтоқсанда ірі қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ғалым, профессор Санжар Асфендиаровтың 125-жылдық мерейтойына орай «Санжар Асфендиаров және ұлттық тарих» тақырыбында Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

1. Тұлға және тарих;

2. Санжар Асфендиаровтың өмірі, қызметі, тарихи көзқарасы;

4. Тарих және тарихи дерек мәселелері.

Конференцияда Санжар Асфендиаровтың төрттомдық шығармалар жинағының және санжартанушы А. Жүнісбаевтың «Санжар Асфендиаров: өмірі мен қызметі (1889-1938)» атты монографиясының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтеді.

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

 Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2014 жылдың 15 желтоқсанына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко к., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефондары: 8 (727) 261 16 35; 8 (727) 272-46-55

Факс: 8(727) 261-67-19

Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электронды адреске жіберуіңізге болады: E-mail: aj013@mail.ru

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек. Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

Санжар Асфендиаровтың өмірі мен қызметі

Жүнісбаев А.Ә.

PhD докторант

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

(Алматы, Қазақстан)

Мәтін, мәтін, мәтін [1, 28-с.]

Мәтін …. мәтін [2, 74-76-с.].

1 Асфендиаров С.Д. Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане. –Алма-Ата-Москва, 1936.

 2. Сулейменов Р.Б. Первый казахский историк-марксист // Вестник АН КазССР. – 1966. –№9. – С. 65-76.

 

Ірі қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ғалым, профессор Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаровтың 125-жылдық мерейтойына орай «Санжар Асфендиаров және ұлттық тарих» тақырыбында өтетін республикалық ғылыми-теориялық конференцияға

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________

Қонақ үй қажеттілігі:___________________________________________________________