Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Әділет қоғамына-25 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ІІ-ші А. Нүсіпбеков оқулары аясында 2014 ж. 24-желтоқсан сағ.10.00-де Қазақстандағы кеңестік өктемдік зардаптарымен айналысатын «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының құрылуына 25-жыл толуына орай «Әділет қоғамына-25 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция мынадай секциялар бағыттары бойынша жұмыс істейді:

1. Кеңестік модернизация және Қазақстан;
2. Кеңестік саяси  қуғын-сүргін деректері және тарихнамасы;
4. Кеңестік экономика және Қазақстандағы аштық.

Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2014 жылдың 15 желтоқсанына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко к., 28
ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.
Байланыс телефондары: 8 (727) 261 16 35; 8 (727) 272-46-55
Факс: 8(727) 261-67-19
Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электронды адреске жіберуіңізге болады: E-mail: b.zamzagul75@mail.ru; zhugenbaeva@list.ru

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек. Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).Баяндамалар мен мақалаларды жоғарыда көрсетілген секцияларға жіберу керек.

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШТЫҚ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДЕ

Жүгенбаева Г.С.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының

Тарихнама, деректану және заманауи мметодология бөлімінің

меңгерушісі,тарих ғылымдарының докторы

(Алматы, Қазақстан)

Мәтін, мәтін, мәтін [1, 28-с.]

Мәтін …. мәтін [2, 74-76-б.].

1 Жүгенбаева Г.С. Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызметі. – Алматы:Бастау, 2000.-224 б.

 2. Жүгенбаева Г. Кеңестік саясат және ұлттық мүдде үшін күрес // Вестник КазНПУ.Серия историческая. – 2013. –№3. – С. 65-76.

 

Қазақстандағы кеңестік модернизация зардаптарымен айналысатын «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының құрылуына 25-жыл толуына орай «Әділет қоғамына-25 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы, секциясы_________________________________

Қонақ үй қажеттілігі:___________________________________________________________