Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 10-16.11.14.


14.11.14. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер: 1) Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың Астана қаласына іс-сапар барысы туралы; 2) 2014 ж. институт қызметкерлерін аттестациялаудың қорытындылары туралы; 3) «Орталық Азиядағы қазақ диаспорасы: тарихы – мәдениеті – ескерткіштері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жайында; 4) 2014 ж. гранттық және бағдарламалық-мақсатты ғылыми зерттеу жұмысының қорытынды есебін тапсыру туралы; 5) Әртүрлі

14.11.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясында Елбасының «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттаған дәріс оқыды.

14.11.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде өткен «Востановление «белых пятен» истории Казахстана по данным архивных источников стран Востока: роль их интерпретации в формировании национальной идеи Мәңгілік Ел» тақырыбында семинарға қатысып, баяндама жасады.

14.11.14. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. З.М. Төленова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (Петропавл қ.) өткен «Қозыбаев оқулары – 2014: Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияда Қазақстанның рөлі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «Академик М. Қозыбаев зерттеулеріндегі тәуелсіздік туралы ой-толғамдарының «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады.

14.11.14. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. З.М. Төленова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (Петропавл қ.) өткен «Қозыбаев оқулары – 2014» аясында «Еуразиялық кеңістіктегі Отандық тарих» секциясында «Академик М.Қ. Қозыбаев: ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері» (академик М.Х. Асылбековпен бірлескен авторлықта) атты кітаптың тұсаукесерін өткізді.

14.11.14. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒК, т.ғ.к. А.С Уалтаева Ресей Жаратылыстану Академиясы (РЖА) Президиумы аттестациялық Кеңесі шешімі бойынша Ресей Жаратылыстану Академиясы профессоры атағын иеленді.

ҚР Ғылым Академиясы Кіші Президиумы Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒК, т.ғ.к. А.С Уалтаеваны дарынды жастармен табысты және жемісті еңбегі үшін грамотамен марапаттады.