Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


Институт Жас ғалымдары Кеңесі ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» атты Жолдауына байланысты дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел жұмысы Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұловтың кіріспе сөзімен ашылды. Дөңгелек үстел жұмысында модератор міндетін т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов атқарып, Жолдаудың негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келе, Елбасы жолдауын насихаттауда жастардың рөлі мен қосар үлесі мәселесіне баса назар аударды.

Дөңгелек үтсел қонағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Р.С. Саурбаева еліміздің саяси-әлеуметтік даму жолында Елбасы жолдауының маңызы, жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауда негізгі күш иесі жастар үлесінде екендігін атап өтті.

Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Ж. Жайлыбаев баяндамасында Елбасының биылғы Жолдауының «Мәңгілік ел» ұлттық идеологиясын жеделдетудің негізгі қозғаушы күші ретінде көрінісін жан-жақты талдады. Жолдаудағы міндеттерді орындаудағы жастардың рөлі мәселесіне тоқталды.

Елбасының биылғы кезекті Жолдауы қоғамдық ойға үлкен жаңа серпіліс жасады деп баяндамасын бастаған институттың ғылыми қызметкері А.А. Оралова Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдаулары мен үндеулері тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа беттерін толықтыратын маңызды деректік құжат деп айта келе, «жаңа қазақстандық патриотизм» ұғымы, оның мәнін түсіндіру, жаңа тұрғылары мен қалыптасу алғышарттарын анықтау, патриоттық танымға жету жолындағы түрлі кедергілерді жою жолдарын қарастыру мәселелеріне шешу жолындағы негізгі ұсыныстарын айта кетті. Жолдауды насихаттау мен жүзеге асыруда жас тарихшы-ғалымдардың тарапынан айтарлықтай күш-жігер танытатындығын айта кетті.

Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А.Н. Конкабаева «Нұрлы жол» тұрақтылық пен келісім, жарқын болашаққа жетелер негізгі күш деп атай келе, әрбір азамат адал да қажырлы еңбек етсе, онда Жолдаудың міндеттері орындалып, халықтың жағдайы жақсара түсетіндігіне сенім білдірді.

Біз бүгін өзіндік бет-бейнесі бар, ерекшеліктері мен ұстанымы бар табысты мемлекетпіз деп өз сөзін бастаған, магистрант Л.Қ. Үкібаева, отанымыздың болашағы жастар бір ауыздан үн шығарып жұмыла кіріссер болса, алмайтын қамал өте алмайтын асу болмайды деп сенемін білдірді. Еліміздің болашағы да осы жастардың қолында деп ойын қорытындылады.

Дөңгелек үстел соңына қарай «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» екендігін қаперге ұстанған жастар, Елбасының биылғы жолдауында еліміздің жастарына қолдау көрсету мәселесін назарға ала отырып, келер жылда Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойларын атап өтуге тарихшылар тарапынан үлкен үлес қосу қажеттілігі мәселесі төңірегінде өзара пікір алмасып, жеке ұсыныстарын ортаға салды.

 

 Жас ғалымдар Кеңесінің хатшысы   

Оралова Ақнұр Амангелдіқызы