Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 17- 23.11.14


18.11.14. Институтта Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы жолдауына орай дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов кіріспе сөзімен басталды және оның «Мақсат пен мұрат үйлесімі», Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. С.Ә. Асанованың «Геополитические вызовы и новая Стратегия Казахстана», Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова «Елбасы Жолдауы – қазақстандық патриотизмнің бастауы» атты баяндамалары тыңдалды.

21.11.14. Институт Жас ғалымдары Кеңесі ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауына байланысты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұловтың кіріспе сөзімен ашылды. Аталмыш шараға ҚазҚызПУ аға оқытушысы Р.С. Саурбаева, институттың жас ғалымдары, магистранттар мен докторанттар қатысты. Институттың жас ғалымдарынан Д.Ж. Жайлыбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол Жолдауы – «Мәңгілік ел» ұлттық идеологиясын жеделдетудің негізгі қозғаушы күші»), А.А. Оралова «Қазақстандық патриотизмнің болашағы – «Нұрлы жол»), А.Н. Конкабаева («Нұрлы жол» – тұрақтылық пен жарқын болашақтың тірегі»), магистрант Л.Қ. Үкібаева («Елбасы жолдауы – болашаққа бастар сара жол») жолдаудың негізгі міндеттері мен мақсаттарын орындау мен жүзеге асыру аясында өзара ой-пікір алмасты.

19.11.14. «Ғылым ордасы» ғимаратында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, фил.ғ.д. Ә.Б. Дербісәлімен жас ғалымдардың кездесуі өтті. Ғалым өзінің ғылыми және шығармашылық қызметі жайында жастармен бөлісті. Кездесу соңына қарай Кашмир қаласында түсірілген Махмұт Қашқаридың өмірі мен қоғамдық қызметі жайында деректі фильм көрсетілді.