Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 24- 30.11.14


25.11.14. «Ғылым Ордасы РМК» ғимараты Орталық ғылыми кітапхана залында Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлт көшбасшысы және еліміздің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуы» атты Жас ғалымдар форумы өтіп, оған институт тарапынан Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері А.А. Оралова («Елбасы жолдаулары – ғылым мен білімнің бүгіні мен болашағының кілті»), Халықтану және тарихи тұлғатану мәселері бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Қ. Мурзаходжаев («Нұрлы жолмен – нұрлы болашаққа») қатысып, баяндама жасады.

28.11.14. Тұңғыш Президент күніне орай Азаматтық авиация академиясы (Алматы қ.)  ұйымдастырған «Қазақ елінің – 550 жылдық тарихы» атты дөңгелек үстел жұмысына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов пен Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев қатысып, өз ойларын ортаға салды.

28.11.14. Институтта «Ежелгі дүние тарихын зерттеудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында кезекті методологиялық семинар өтті. Негізгі баяндамашы Сыртқы байланыс ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев ғылыми ой-тұжырымдарын ғылыми көпшілік назарына ұсынды.

28.11.14. Институттың Кәсіподақ ұйымының төрағасы, т.ғ.к. З.М. Төленова ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек құқығы және жұмыс беруші мен жұмысшылардың міндеттері мен әкімшілік және кәсіподақ комитеттері тарапынан жеке тұлғаларға қатысты ұжымдық келісім-шарт даярлау мәселелесі бойынша семинарға қатысты. Семинар жұмысына мемлекеттік еңбек инспекциясы мен Алматы қ. көші-қон басқармасы өкілдері қатысты.

28.11.14. ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысының салтанатты бөлімінде (Астана қ.) 2014 жылдың ғылым саласындағы үздік жетістігі нәтижесінде Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері, PhD докторант А.Ә. Жүнісбаев «Санжар Асфендиаров: өмірі мен қызметі (1889-1938)» атты монографиялық еңбегі үшін гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы сыйлықтың иегері атанды. Сыйлықты ҚР Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов табыс етті.

28.11.14. «Президент және халық» газетінің №48 (482) санына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК, т.ғ.к Қ.К. Қожаханованың Елбасының Жолдауына орай «Темірқазықтай жол сілтейді» атты мақаласы жарық көрді.