Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


Тұңғыш Президент күніне орай Азаматтық авиация академиясында (Алматы қ.)  «Қазақ елінің – 550 жылдық тарихы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысында Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов ХХ ғ. 20-30 жж. ашаршылық пен қуғын-сүргін тарихы мәселесі аясында жан-жақты баяндама жасаса, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев Ежелгі Қазақстан тарихы мен Ежелгі дүние тарихының өзекті мәселелері төңірегінде ғылыми ой-пікірлерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелге Азаматтық авиация академиясының оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.