Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«І Дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығы мен оның қазақ халқына әсері» атты ғылыми конференция өтті


Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы қалалық әкімшілігі, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, желтоқсан ұйымдарының мүшелері және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы бірлесе отырып ұйымдастыруымен, Тұран Университетінің (Алматы қ.) мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік күніне орай «І Дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығы мен оның қазақ халқына әсері» атты ғылыми конференция өтті.

«Қазақ көтерілістері» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Ғылыми конференция барысында т.ғ.к., доцент С.К. Рүстемов «Бірінші дүниежүзілік соғыс: қазақтар арасындағы әлеуметтік-саяси үдерістер» тақырыбында баяндама жасаса, Р.Е. Оразов «Қазақстандағы бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындары» атты баяндамасымен көпшіліктің назарын аудартты. Сонымен бірге конференция жұмысына институт тарапынан ғалымдар Р.А. Рахымқұлов пен Н.Ы. Жетпісбай қатысты.