Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ЕЛІМНІҢ ЕРКІНДІГІ – ТӘУЕЛСІЗДІК» атты тақырыптық кеш


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ЕЛІМНІҢ ЕРКІНДІГІ – ТӘУЕЛСІЗДІК» атты тақырыптық кеш болып өтті. 

Кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы құжаттар жинақталған «Мәңгілік жансын бағың, Тәуелсіз Қазақстан!» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің және Алматы университетінің студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты, сонымен қатар кешке шақырылған қонақтардан М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтынан Н.Б. Ақыш, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының президенті Б.О. Қойшыбаев, «Алматы ақшамы» газетінен Құттыбек Аймахан, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Қ. Шашаев, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ұ.Қ. Қыяқбаева қатысып, 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қатысты ойларымен бөлісті.