Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 01-07.12.14.


02.12.14. Институтта Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы РҒА этнология және антропология институтының ғалымы, биология ғылымдарының кандидаты Р.М Сатаев Гонур-депе (Түркменстан) қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстары қорытындылары жайында дәріс оқыды. Институт қызметкерлері ресейлік антропология және археология ғылымының өзекті мәселелерімен танысып, аталмыш тақырып аясында сұрақтар қойды.

05.12.14. «Ғылым Ордасы» РМК ғимаратында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ғылым Ордасы» РМК-ның Ғылыми кітапханасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс Комитетінің ұйымдастыруымен «Орталық Азияның қазақ диаспорасы: тарих – мәдениет – ескерткіштер» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция жұмысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х.М. Әбжанов модератор қызметін атқарды.