Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс


15 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналысты ашқан институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Х.М. Әбжанов институт ұжымын еліміздің осы айтулы мерекесімен құттықтай келе, тәуелсіздіктің маңызы, тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері, ондағы Елбасымыздың рөлі жөнінде баяндады. Институтымыздың алдында тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстар жөнінде айтты.

Келесі сөз кезегін алған Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов құттықтау сөзін айтып, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін төл тарихымызды зерттеуде мол мүмкіндіктердің пайда болғанын, соның арқасында тарихымыз біршама түгенделіп қалғаның тілге тиек етті. Сондай-ақ қазіргі кезде тарих ғылымын дамытуда жастардың алдында үлкен міндеттер мен мүмкіндіктердің тұрғанын атап өтті.

Осы күні Институттың бірқатар қызметкерлері М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған Тәуелсіздік күніне арналған «Бас мереке – Тәуелсіздік» атты әдеби-танымдық кешке қатысып, тамашалап қайтты. Бұл іс-шарада М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры У.Қ. Қалижанов, «Ғылым ордасы» РМК бас директорының орынбасары Н.Б. Сейдін, э.ғ.д., профессор О.С. Сәбден құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік кеште жас ғалымдар, оның ішінде магистранттар мен докторанттар ән шырқап, өлең оқып көрермендердің ыстық ілтипатына ие болды.