Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 08-14.12.2014


08-12.12.14.Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғк. З.М. Төленова, Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒК, т.ғ.к. АС. Уалтаева Қазақ мемлекеттік қыздар университетінде өткен Қазақстандағы оқулықтардың авторларына арналған Халықаралық семинарға қатысты.

09.12.14. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: 1) 2014 ж. өткізілген іс-шаралардың есебі; 2) Методологиялық семинар қорытындылары туралы есеп; 3) «ІІ-Нүсіпбеков оқуларына» дайындық жұмыстары; 4) 2014 ж. І жартыжылдық бойынша магистранттар мен докторанттардың есебі; 5) Әртүрлі (марапаттау, іс-сапар жөнінде).

10.12.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Х.М. Әбжановқа ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының оқырман билеті табыс етілді.

10.12.14. «Ғылым Ордасы» ғимаратының Орталық ғылыми кітапхана залында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы қаласының әкімдігі мен Ғылым Ордасы РМҚК бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысында директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә Атығаев (баяндама тақырыбы – «Тәуелсіздікке деген ұзақ жол») және директордың коммерциялық және ұйымдастыру мәселелелері жөніндегі орынбасары С.О. Смағұлова (баяндама тақырыбы – «Алаш қайраткерлері және Тәуелсіздік идеясы») ғылыми баяндама жасады. Аталмыш шараға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, Алматы қ. ішкі саясат бөлімінің өкілдері мен ғалымдар қатысты.

10.12.14. Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә Атығаев «Қазақстан» телеарнасына ҚР Тәуелсіздік күніне орай сұхбат берді.

11.12.14. Тұран Университетінің мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «І Дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығы мен оның қазақ халқына әсері» атты ғылыми конференция өтті. Конференция барысында т.ғ.к. С.К. Рүстемов «Бірінші дүниежүзілік соғыс: қазақтар арасындағы әлеуметтік-саяси үдерістер» тақырыбында баяндама жасаса, Р.Е. Оразов «Қазақстандағы бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындары» атты баяндамасын көпшілікке жария етті. Сонымен қатар конференция жұмысына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев, т.ғ.к. Р.А. Рахымқұлов, Н.Ы. Жетпісбай қатысты. 

11.12.14.ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты тақырыптық кеш өтті.Бұл іс-шараға Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев қатысты.

12.12.14. Қызылорда облыстық әкімдігі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен, (Қызылорда қ.) «Тәуелсіз мемлекет құрудың қазақстандық моделі: жетістіктері мен даму стратегиясы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Х.М. Әбжанов қатысып, «Халыққа жолдау – Нұрлы жол басы» тақырыбында баяндама жасады.

12.12.14. «Ғылым ордасы» РМК кинозалында ҚР Тәуелсіздік күніне орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы «Көшбасшы жолы» атты киноэпопеяның төртінші бөлімі – «Тығырықтан жол тапқан» атты деректі фильмнің көрсетіліміне институт қызметкерлері қатысты.

12.12.14. «Президент және халық» газетінің №40 санына Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Х.М. Әбжановтың «Тарихшылар алдында зор міндет тұр» тақырыбында мақаласы жарияланды.

12.12.14. «Президент және халық» газетінің №40 санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаевтың  Елбасы Жолдауына орай «Тарихи тағылым» атты мақаласы жарық көрді.
13.12.14. «Алматы ақшамы» газетінің №154(5028) санына Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің КҒК, PhD докторант Т.Ә. Апендиевтің «Нұрлы жол» жас ғалымдар болашағы» атты мақаласы жарық көрді.