Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Тарих ғылымы: жас ғалымдардың үлесі мен рөлі» атты дөңгелек үстел өтті


2014 ж. 22 желтоқсанында Институтта Жас ғалымдар Кеңесінің ұйымдастыруымен ІІ Нүсіпбеков оқулары аясында «Тарих ғылымы: жас ғалымдардың үлесі мен рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысында модератор міндетін атқарған институттың Жас ғалымдары Кеңесінің төрағасы, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов жастардың ғылымдағы орны мен міндеттеріне тоқталып, жиылған жастардан өзіндік пікірлерін ортаға салып, өзара пікір алмасуға шақырды.

Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова кіріспе сөзін айтып, дөңгелек үстел жұмысына табыстар тіледі.

Ең бірінші болып баяндамасын көпшілік назарына ұсынған Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Қ.М. Мұрзақожаев Қазақстандағы үш сатылы білім беру жүйесі жөнінде айта келе, қазіргі күндегі жастардың білім мен ғылымға деген көзқарастарына талдау жасады.

Дөңгелек үстел қонағы ғылыми зерттеуші, дарынды жас ғалымдар байқауының жеңімпазы Н.Б. Манкеев тәуелсіз Қазақстандағы тарихты зерттеу мен тарихшы мамандар даярлаудыің өзекті мәселелері төңірегінде баяндама жасады.

Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Д. Жайлыбаев қазіргі кездегі Моңғолия қазақ жастарының қоғамдағы орны тақырыбына талдау жасап, Қазақстандағы жастардың ғылымдағы рөлі мен қызметін жан-жақты баяндады.

Ғылым жолының ауыр жүгі мен асқан жауапкершілікті талап ететіндігін атап өткен Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері А.А. Оралова Қазақстан ғылымын дамыту мен тарихи сананы қалыптастырудағы жастардың рөлі мәселелеріне баяндамасын арнады.

Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А.Н. Конкабаева тарих ғылымын дамытудағы жастардың рөлі тақырыбы аясында ойын ортаға салды. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Дөңгелек үстел жұмысы соңына қарай жас ғалымдар арасында көкейкесті сауалдар қойылып, өзара пікір алмасулар орын алды. Атап айтар болсақ, ҚР Президенті Мұрағаты сарапшысы Ж.Т. Байкош бүгінгі таңдағы жастардың ғылымдағы рөлін сөз етсе, тарихшы, ұстаз-әдіскер Е.Б. Ракимбаев отандық білім беру жүйесі мәселелері аясында ой қозғады.

Бұл басқосудың еліміздің тарихшы жастарына берер тәрбиелік және тәжірибелік маңыздылығын айта кетке жөн.

 

Жас ғалымдар Кеңесінің хатшысы                     Ақнұр Амангелдіқызы Оралова