Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ақжан әл-Машани мұрасы және ұлттық ғылыми зерде» атты дөңгелек үстел өтті


Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов кіріспе сөзінде ІІ-Нүсіпбеков оқулары тұлғаларды ұлықтау басымдығы, Ақжан әл-Машанидің табиғатпен тілдесе отыра қазақ даласының көне есткерткіштерін ашқаны, әл-Фарабиді ортамызға алып келгені мен ғылыми мұрасының құндылығын айтып өтті. «Ғалымның рухы мен қалдырған мұрасы – мәңгілік» деп баға берді.

«Әл-Машани тұлғасы – жұмбақ әлем» деп баяндамасын бастаған Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева әл-Машаниді тану, тарихнамаға енгізу мәселесі енді қолға алынып келе жатқанын, Машани мұрасының қазіргі отандық ғылымда зерттелуі мен ғалымның еңбектерін баспаға шығару бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отырғанын айта келе, Ақжан әл-Машанидің шығармашылығын тарихнамадағы тың бағыт» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің тарих, дін, ғылым мен білім беру саласына қосқан үлесі, ХХ ғ. 50 ж. бастап өмірінің соңына дейін әл-Фарабиді зерттеумен айналысқандығы жайында баяндады.

Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова әл-Фарабиді әлемге танытқан ғұламаның ойы мен білімділігін айта келе, «АБЖАД» ілімінің ерекшелігіне тоқталды.

Әл-Машаниді ғылым мен дінді ұштастыра білген ғалым деп баға берген Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, т.ғ.д. З.О. Дүкенбаева ғалымның мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері аясында баяндама жасады.

«Ұлағат» қорының директоры, «Әлеумет тынысы» журналының бас редакторы әл-Машанидің тарихи тұлғасына баяндамасын арнаса, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, т.ғ.к. Қ.Қ. Құнапина Машани мұрасының жас ұрпақ үшін маңызына тоқталды.

Тарих пәні мұғалімдері (Алматы қ. мектеп-гимназия) Г. Қадырова мен Р. Сейітқазиев ғұламаның жастарға деген тәрбиелік үлгісі мен қалдырған аманаты жайында ой қозғап, көпшілік назарын аударды.

Дөңгелек үстел соңына қарай жиылған ғылыми көпшілік арасында Ақжан әл-Машани мұрасы мен тарихта алар орны мәселесі төңірегінде жан-жақты тұжырымды пікірлерін ортаға салды.

2014 ж. 25 желтоқсанында ғалым Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің (1906-1997) өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақжан әл-Машани мұрасы және ұлттық ғылыми зерде» атты дөңгелек үстел өтті.