Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 15-21.12.2014


15.12.14. Институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Х.М. Әбжанов тәуелсіздіктің маңызы, тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері, ондағы Елбасымыздың рөлі жөнінде баяндады.

17.12.14. Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасында Тәуелсіздік күніне байланысты сөз сөйледі.   

19.12.14. «Ғылым Ордасы» ғимаратында (ОҒК) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру тұрғысында «Экология және Қызыл кітапқа енген Қазақстан жануарлары» атты экология мәселелеріне арналған семинар өтті. Семинар жұмысына институт қызметкерлері қатысты.   

19.12.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжанов  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен (Астана қ.) Алаш және Түркістан автономияларының 97 жылдығына арналған «Түркістан мұхтариятынан Алаш автономиясына дейін: қазақ мемлекеттілігінің негіздері және тарихи сабақтастық» атты республикалық ғылыми конференцияда «Алаш автономиясының тарқау себептері мен салдары» тақырыбында баяндама жасады.

20.12.14. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Ғылыми Кеңесінің 18.12.2014 ж. шешімімен (№4) институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжановқа құрметті профессор академиялық атағы берілді. (Тіркеу №24) ҚР Семей қ.