Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 22-31.12.14


22.12.14. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА  корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығында (Семей қ.) өткен онлайн-конференцияға қатысып, «Тарих тағылымы және болашақты болжау»  тақырыбында баяндама жасады.

22.12.14. Институтта «Академик А. Нүсіпбеков және «Қазақстан тарихы» академиялық басылымдарын даярлау тәжірибесі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

22.12.14. Институтта Жас ғалымдар Кеңесінің ұйымдастыруымен ІІ-Нүсіпбеков оқулары аясында «Тарих ғылымы: жас ғалымдардың үлесі мен рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

23.12.14. Институтта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 16 желтоқсан күніне арналған құттықтау сөзін талдауға арналған «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі – мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты дөңгелек үстел өтті.

23.12.14. Институтта ІІ-Нүсіпбеков оқулары аясында ірі қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ғалым, профессор С. Асфендиаровтың 125-жылдық мерейтойына орай «Санжар Асфендиаров және ұлттық тарих» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізіліп, институттың 2014 жылы шығарған кітаптары мен С. Асфендиаровқа арналған А. Жүнісбаевтың «Санжар Асфендиаров: өмірі мен қызметі (1889-1938 жж.) монографиясы мен қайраткердің 4 томдық шығармалары мен құжаттық материалдар жинағының тұсаукесері болды.

24.12.14. Институт пен «Әділет» тарихи-ағарту орталығы бірлесе ұйымдастыруымен ІІ-Нүсіпбеков оқулары аясында «Әділет қоғамына – 25 жыл» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

24.12.14. Институтта ІІ-Нүсіпбеков оқулары шеңберінде белгілі тарихшы ғалым К.А. Пищулинаның 80 жылдығына арналған «Қазақ  мемлекеттілігінің тарихы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

25.12.14. «Алматы ақшамы» газетінің №158 (5032) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашевтың «Академик А. Нүсіпбеков және «Қазақстан тарихы» академиялық басылымдарын даярлау тәжірибесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы туралы «Академиялық басылымдарды даярлау тәжірибесі» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

25.12.14. Институтта ғалым Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің (1906-1997) өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақжан әл-Машани мұрасы және ұлттық ғылыми зерде» атты дөңгелек үстел өтті.

26.12.14. Институтта академик Әлкей Марғұланның 110 жылдығына орай «Тереңіміз еді ғой теңіз дерлік» атты дөңгелек үстел өтті.