Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 12-наурыз, сағ.: 10-00-де  әйгілі ғалым, академик К.Н. Нұрпейістің туғанына 80 жыл толуына орай «Академик К. Нұрпейіс: өмірі, қызметі, ғылыми мұрасы» тақырыбына  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

1-секция. Тұлға және оның Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы рөлі.
ІІ-секция.  К. Нұрпейістің өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері.

Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2015 жылдың 20 ақпанына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ.,  Шевченко к., 28
ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 8 (727) 272-46-55
Факс: 8(727) 261-67-19
Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электонды адреске жіберуіңізге болады:
E-mail:  g_uskembaeva@mail.ru 

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.
Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  немесе «KZ Times New Roman» 12.
Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.
Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.
Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

 Әйгілі ғалым Кеңес Нұрпейіс

Өскембаева Г.Ж.
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты
(Алматы, Қазақстан)

          Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін …. мәтін [2, 25-б.].

 ________________

 

1 Нұрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері: тарихи талдау (1991-2008 жж.).  – Алматы: Нұрай Принт Сервис, 2011. – 128б.
2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. – 2003. – 10 декабря.
3 Адам құқығы жөніндегі комиссия жұмысы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)

 

К. Нұрпейістің туғанына 80 жыл толуына орай «Академик К. Нұрпейіс: өмірі,  қызметі, ғылыми мұрасы» тақырыбында өтетін Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

 Аты-жөні (толық)________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ___________________________________

Лауазымы: _____________________________________________________

Ұйымның толық атауы: __________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________

Автордың адресі:________________________________________________

Факс, E-mail ____________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:_____________________________

Қонақ үй қажеттілігі:____________________________________________

 

 Ұйымдастыру комитеті