Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 05-31.01.15.


30.12.14.-25.01.2015. Институтта Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай «Қазақстан Кеңес Одағының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде» жобасы бойынша қазақстандықтардың бұл соғысқа қатысуы мен тылдағы жеңіске қосқан үлесін анықтау мақсатында әр облыстан құжаттық және ауызша матераиалдар жинақтауға арналған экспедиция ұйымдастырылды.

«Туған өлке» тарихи-өлкентанулық журналының №1-4 санына Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжиктің (тақырыбы – Роль и место Абылай хана в геополитических процессах XVIII века»), Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің қызметкерлері т.ғ.к. Р.А. Рахымқұлов (тақырыбы – Ұзынағаш шайқасы (1860 ж. 19-21 қазан) Іле-Шу өңіріндегі патша әскеріне қарсы шабуыл») пен Р.Е. Оразовтың (тақырыбы – «Қаратоған мектебінің тарихы «мұрағат деректері негізінде» 1923-1960 жж.) мақалалары жарық көрді.

06.01.15. Институтта «Отан тарихы» академиялық басылымын даярлау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов, Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Б.Г. Аяған, Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институты Республикалық ақпараттық орталығының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор М.Х. Әбусейітова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты директорының орынбасары А.М. Манапова, Мемлекет тарихы институтының директорының бірінші орынбасары Ж.У. Қыдыралина, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.Ә. Атығаев, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директорының ұйымдастыру және коммерциялық мәселелері жөніндегі орынбасары С.О. Смағұлова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ЖҒК, т.ғ.к. Е.А. Смағұлов, сонымен қатар Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалым хатшысы, доктор Ph.D. А.П. Ермұхамедова қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: 1. «Отан тарихы» жобасының негізгі  ұйым менорындаушылары арасындағы келісім-шарттардың қорытындылары туралы; 2. «Отан тарихы»  көптомдығының қолжазбасын рецензиясын даярлау жөнінде; 3. «Отан тарихы» жобасы щеңберінде Еуразиялық кеңістікпегі институпен байланысы; 4. 2013-2014 жж. шетелдік іс-сапарлар қорытындыларын академиялық басылымға енгізу; 5. Жоба тұжырымдамасы, авторларға арналған ескертпе-басшылықтар және жоспарды талқылау.

14.01.15. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруыменөткізілген «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Жеңістің 70 жылдығы және Мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел жұмысына институт қызметкерлері Ә.Қ. Шашаев, Р.Е. Оразов, Ж.Ж. Несіпбаева, А.А. Оралова қатысты.

16.01.15. «Президент және халық» газетінің №2 (488) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері К.А. Сәркенованың «Мәңгілік ел ұлы мақсаттарға жетелейді» атты мақаласы жарияланды.

16.01.15. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Конституцияға 20 жыл, Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығына»арналған дөңгелек үстел өткізіліп, аталмыш шараға институт тарапынан Ә.Қ. Шашаев, Р.Е. Оразов, Ж.Ж. Несіпбаева, А.А. Оралова қатысты.

22.01.15. Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапхана-бөлімшесінде Елбасының биылғы Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Нұрлы жол – болашаққа жарқын жол» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оның жұмысына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев қатысып, «Мәңгілік Ел: алдағы тарихи міндеттер» тақырыбы аясында баяндама жасады.

23.01.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткен «Экономикалық инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты 45-ші ғылыми-әдістемелік конференцисына қатысып, «Диссертациялық зерттеулер тақырыптары: жаңа ғылыми кадрларды даярлаудағы негізгі мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.

23.01.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов «Хабар» телеарнасында  жаңалықтарынан «550 жылдық – бүкіл қазақ даласына ортақ той» тақырыбы төңірегінде сұхбат берді.

Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің АҒК, т.ғ.к. А.С. Уалтаеваның (Р.Ә. Келденовамен бірлескен авторлықта) «Ауыр күн естен кетпейді» (Алматы, 2015. – 16 б.) атты кітапшасы жарық көрді.

27.01.15. «Nur.kz» қазақстандық порталына Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингі барысында Қазақ мемлекеті күнін күнтізбеге енгізу туралы ұсынысы жарық көрді.
news.nur.kz/351787.html

27.01.15.«Abai.kz» ақпараттық порталына Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов «Кенесары Қасымұлының бас сүйегі Омбыдан табылуы мүмкін» тақырыбы төңірегінде пікірі жарияланды.
thenews.kz/2015/01/27/1764375.html

28.01.15. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Таңшолпан» бағдарламасында институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов «Қазақ хандығының 550-жылдығына» орай институтта жоспарланған шаралар туралы сұхбат берді.
khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/o-am/item/11666-550-zhyldy-isi-aza-shin-ymbat-toj

29.01.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасында «Мәңгілік Ел» идеясы туралы сұхбат берді.

29.01.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Қазақстан» ұлттық теларнасында аты аңызға айналған қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов туралы сұхбат берді.