Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті


Институт Жас ғалымдары Кеңесі ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына байланысты дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел жұмысы басрысында Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов кіріспе сөзінде Жолдаудың жалпы мазмұнына тоқтала келе, Елбасы жолдауын насихаттауда жастардың рөлі мәселесіне көбірек тоқтады.

Институттың ғылыми қызметкері А.А. Оралова Жолдауды жүзеге асырудағы жас ғалымдардың ықпалы мәселесіне кеңірек тоқталып, елдің интеллектуалды дамуындағы ғылым мен білім саласының бүгіні мен болашағын сөз етті.

Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А.Н. Қонқабаева жолдауды негізге ала отырып әрбір азамат адал да қажырлы еңбек етсе, онда Жолдаудың міндеттері орындалып, халықтың жағдайы жақсара түсетіндігін атап өтті.

Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Ж. Жайлыбаев Елбасының биылғы Жолдауының «Мәңгілік ел» ұлттық идеологиясын жеделдетудің негізгі қозғаушы күші ретінде көрінісін жан-жақты талдады.

Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Қ. Мұрзаходжаев жолдаудың білім беру саласын дамытудағы үлесіне жан-жақты тоқталды.

Елбасының  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылып өткендей, «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» екендігін қаперге ұстанған жастар, Елбасының биылғы жолдауында еліміздің жастарына қолдау көрсету мәселесін назарға ала отырып, келер жылда Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойларын атап өтуге тарихшылар тарапынан үлкен үлес қосу қажеттілігі мәселесі төңірегінде өзара пікір алмасып, жеке ұсыныстарын ортаға салды.