Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 02-08.02.15.


02.02.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Елдің ерлігі» бағдарламасында Ұлы Отан соғысы тақырыбында сұхбат берді.

03.02.15. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова «Қазақстан-Тараз» телеарнасында «Сыр перне» Ұлы отан соғысының 70-жылдығына орай сұхбат берді.

03.02.15. Институт Жас ғалымдары Кеңесі ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына байланысты дөңгелек үстел өтті.

05.02.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тәрбие департаменті, «Қазақстан тарихы» бөлімі, Республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тарихы» журналы және ҚазҰТУ-дың ғылыми кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақ хандығына 550 жыл» атты дөңгелек үстелге қатысып, арнайы алғыс хатпен марапатталды.

06.02.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің қызметкерлері – ЖҒК, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев, АҒК, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов, ҒК Р.Е. Оразов және Н.Ы. Жетпісбай Ш. Уәлихановтың 180-жылдық мерейтойынаорай «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасына қатысып, сөз сөйледі.

06.02.15. «Казахстанская правда» газетінің №24 (27900) санына институт директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаевтың Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған  сұхбаты жарияланды.

06.02.15. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Институт директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев «КТК» телеарнасындағы жаңалықтардан сұхбат берді.