Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 09-15.02.15


09.02.15. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒК, т.ғ.к. А.С. Уалтаева «Қазақстан» телерадиокомпаниясында «Жеңіске – 70 жыл» тақырыбында сұхбат берді.

10.02.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің қызметкерлері – ЖҒК, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев, ҒК Р.Е. Оразов «Білім және Мәдениет» телернасында Ш. Уәлихановтың 180 жыл толуына байланысты сұхбат берді.

12-18.02.15. «Ана тілі» газетінің №6 (1264) санына институттың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.Ә. Атығаевтың «Иранда табылған сурет» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

10-12.02.15. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒК, т.ғ.к. А.С. Уалтаева Мәскеу қаласындағы Ресей Жаратылыстану Академиясының ұйымдастыруымен өткен «Білім мен ғылымның қазіргі мәселелері», «Ғылыми-педагогикалық кадрлардың Халықаралық аттестациялық жүйесі», «Оқу-әдістемелік басылымдары, білім беру технологиялары мен қызметтері Халықаралық тұсаукесері-көрмесіне қатысты.