Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 16-22.02.15


17.02.15. Институтта «ХІХ ғ.-ХХ ғғ. басындағы картография» тақырыбында (негізгі баяндамашыЖаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик) методологиялық семинар өтті.

19.02.15. «Ана тілі» газетінің №7 (1265) санына Этнология және антропология бөлімінің ҒК Б. Ашимовтың «Сырын бүккен Сырдария (Өзеннің атаулары жөнінде)» атты мақаласы жарық көрді.

20.02.15. «Ғылым ордасы» РМК кинозалында Институттың жас ғалымдары Математика және математикалық модельдеу институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.Ш. Кәлменовпен кездесуге қатысып, ғалымның өмір жолы мен шығармашылығындағы естеліктермен танысты.

20.02.15. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да танымал тарихшы Е. Бекмахановтың 100 жылдық мерейтойына және қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған Бекмаханов оқулары өтті.Бұл іс-шараға Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов, Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің қызметкерлері – т.ғ.д., профессор В.З. Галиев, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов, Р.Е. Оразов және Н.Ы. Жетпісбай қатысты.

20-21.02.15. ҚазМемҚызПУ Мәжіліс залында өткен «Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты Республикалық семинар-кеңесінеинститут директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов (баяндама тақырыбы – «Президент жолдаулары және ұлттық тарих мәселелері»), Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева (баяндама тақырыбы – «Мәңгілік ел идеясы – жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты бағдар»), Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің АҒК, т.ғ.к. А.С. Уалтаева, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова қатысып, баяндама жасады.