Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 23.02.-01.03.15


24-25.02.15. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Қазақ ғылыми зерттеу Мәдениет институты ұйымдастыруымен «Алматы – ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы»тақырыбында өткен конференцияның «Алматының әлемдік ислам мәдениетіндегі рөлі мен маңызы» атты 2-секциясынаХалықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова (баяндама тақырыбы: «Алматы қаласының мұсылмандары: әлеуметтік-демографиялық астары (ХІХ ғ. соңы – ХХІ ғ.басы), Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжик (баяндама тақырыбы: «Алматы центр исследования исламской культуры: некоторые аспекты культуры и религии казахской диаспоры Монголии»), Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. С.К. Рүстемов (баяндама тақырыбы: «Исламские институты дореволюционной Алматы и его окрестности») қатысып, баяндама жасады.

25.02.15. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығына орай институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың (Астана қ.) оқытушылары мен студенттеріне дәріс оқыды.

26.02.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов ҚР БҒМ жанындағы оқулықтарды даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның  кезекті отырысына (Астана қ.) қатысты.

26.02.15. Қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихының тамыры терең – Қазақ хандығы» атты дөңгелек үстел жұмысына Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің қызметкерлері – ЖҒК, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев пен ҒК М.Р. Сатенова қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

27.02.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов «Еуразия» телеарнасына Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай сұхбат берді.

27.02.15.«Central Asia Monitor» газетінің №8(532) санына Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғалидің «В них застыла история» (Маңғыстау және Үстірт ескерткіштері жөнінде) тақырыбында мақаласы жарық көрді.