Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 02-08.03.15


05.03.15. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев Абылай хан атындағы ҚазХжӘТУ университетінде өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында танымал тарихшы Е. Бекмахановтың туғанын 100 жыл толуына арналған «Көрнекті тарихшығалым Ермұқан Бекмаханов» атты мерейтойына арналған кездесуге қатысып, өзіндік пікірін ортаға салды. 

06.03.15. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырсы өтті.Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: 1) Ғылыми кеңес мүшелерін бекіту; 2) «Отан тарихы» көптомдығының 2015-2016 жж. арналған ағымдық жоспарды бекіту; 3) ТЭИ бөлімдерінің 2015 ж. арналған жоспарын бекіту; 4) 2014 ж. ГҚ және БМҚ бойынша жылдық есептердің сараптамалық қорытындысы туралы; 5) ТЭИ 2014 ж. басылымдары («Отан тарихы» журналы) және 2015 ж. арналған жұмыс жоспары туралы.