Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 09-15.03.15


12.03.15. Институтта әйгілі тарихшы Кеңес Нұрпейістің 80-жылдығына арналған «Академик К. Нұрпейіс: өмірі, қызметі, ғылыми мұрасы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Астана, Алматы қалаларынан және Қырғызстаннан ғалымдар, академик К. Нұрпейістің туыстары, шәкірттері, ЖОО профессор-оқытушылары, мұрағат және мұражай мамандары, мектеп оқушылары қатысты.

12.03.15. «Егемен Қазақстан» газетінің №47 (28525) санына институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың әйгілі тарихшы Кеңес Нұрпейісовтің 80 жасқа толуына орай «Жаны жайсаң, кемел еді Кеңес аға» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

13.03.15. ҚазМемқызПУ-де көрнекті ғалым К. Нұрпейісовтың 80-жылдығына арналған «Нұрпейіс оқулары» аясында «Тұлға. Ғалым. Ұстаз» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева, Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің АҒК, т.ғ.к. А.С. Уалтаева қатысты.

13.03.15. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Өшпес тарих тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің қызметкерлері – т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов, Р.Е. Оразов және Н.Ы. Жетпісбай қатысып, студенттер арасында өткен баяндамалар жарысында әділ-қазылық етті.