Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Журнал авторларының назарына


«Отан тарихы» журналының редакциясы төмендегі ГОСТ 7.1 – 2003 талаптарына сай рәсімделген ғылыми мақалаларды қабылдайды:

  1. Мақала көлемі 10-12 беттен екі баспа табаққа дейінгі көлемде баспа түрінде дискіде ұсынылады (Word, Times New Roman шрифті, кегль 14, бірлік интервал, сілтемелер ҒТА ҰО талаптарына сай, соңында) немесе kazhistory@bk.ru электронды поштасына жіберіледі.
  2. Мақалаға түйін сөздер, мақала тіліндегі аннотация (мақаланың қысқаша мазмұны), екі басқа тілдегі резюме (қазақ немесе орыс және ағылшын тілдерінде).
  3. ӘОС (әмбебап ондық сыныптау) индексі (УДК).
  4. Автор туралы толық мәліметтер: аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен қызметі, байланыс телефонының нөмірі.
  5. Әдебиеттер тізімі мақала соңында түпнұсқа тілінде келесі түрде орналасуы қажет: реттік нөмірі, автор, жұмыс атауы, дерек, баспасы, басылымның айы немесе жылы, жалпы көлемі, пайдаланылған беттері. Әдебиетке сілтеме қайталанған жағдайда мәтін ішінде бастапқы сілтеменің реттік нөмірі сақталады да, қосымша пайдаланылған беттер беріледі. Мәтінде деректерге сілтемелер квадрат жақшаға алынады.
  6. Мақала мазмұны үшін автор жауапты. Редакция қолжазбаны жариялауға немесе одан бас тартуға құқылы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін SKOPUS және басқа МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ үшін романдық әліпбиде (References) толық жеке блокпен шетелдік деректер болса да, болмаса да орыстілді бөлімдегі әдебиеттер тізімін қайталай отырып беріледі. Егер тізімде шетелдік жарияланымдарға сілтемелер болса, олар роман әліпбиінде (латын) даярланған тізімде толықтай қайталанады.

 

Қосымша ақпараттар: 272-68-46 телефоны бойынша, 305-каб.

ҚР БҒМ ҒК Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының сайты: www.iie.kz