Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 16-29.03.15


17.03.15. Институтта Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы ислам: тарихы және қазіргі кезең» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ЖОО-дан оқытушылар және институт қызметкерлері мен магистранттары қатысты.

17-18.03.15. Шымкент қаласында ОҚО әкімдігі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы – Мәңгілік Ел идеясы: тарихи тағдыры мен тағылымы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Конференцияға институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов (баяндама тақырыбы – «Қазақ мемлекеттілігі тарихын дәуірлеу»), Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Ә. Дәулетхан қатысып, баяндама жасады.

25.03.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасында «Наурыз мейрамына үңілсек» тақырыбы аясында сұхбат берді.

26.03.15. «Түркістан» газетінің №12 (1079) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленованың тарихшы Кеңес Нұрпейістің 80-жылдығына арналған «Академик К. Нұрпейіс: өмірі, қызметі, ғылыми мұрасы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы туралы «Алаштұлғалы азамат» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

27.03.15. Алматы қ. «Достық Үйі» залында Философия, саясаттану және дінтану институты, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының ұйымдастыруымен «Н.Ә. Назарбаев ұсынған этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі: жетістіктер мен жасампаздықтың 20 жылы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева, Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. Ж.Ж. Несіпбаева, Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. С.Ә. Асанова қатысты.

27.03.15. «Қала мен дала» газетінің №11 (15) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленованың «Қазақстандағы ислам тарихы» тақырыбында мақаласы жарық көрді.