Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 5-мамырда Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Ұлы соғыс. Ұлы ерлік. Ұлы жеңіс» тақырыбына республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

  1. Ұлы Отан соғысының дүниежүзілік – тарихи маңызы. Зерттеу әдістемесі және әдістері.
  2. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында. Ұлттық құрамалар
  3. Майдан мен тылдың бірлігі – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің кепілдігі.
  4. Ғылым мен мәдениет Ұлы Отан соғысы жылдарында.
  5. Халықтарды Қазақстанға көшіру және жер аудару.
  6. Соғыс кезіндегі күнделікті өмір. Соғыс туралы естеліктер ресми және жеке құжаттарда.

 

Конференция жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2015 жылдың 25 сәуіріне дейін мына мекен-жайға:

050100, Алматы қ., Шевченко к., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 8 (727) 272-46-55

Факс: 8(727) 261-67-19

Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электронды адреске жіберуіңізге болады:

E-mail: kazhistory@bk.ru; kura-kk@mail.ru; saltasanova@gmail.com

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1 см. Аралық интервал – бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

Мақаланы безендіру үлгісі

С.Ә. Асанова

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және

этнология институты (Алматы, Қазақстан)

Ұлы Отан соғысындағы Жамбыл облысы

 

Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін  …. мәтін [2, 25-б.].

 

Әдебиет:

1 Козыбаев М.К. Казахстан –арсенал фронта. – М: 1970.-С.15.