Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 30.03.-05.04.15


31.03.15. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова, Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев, PhD докторант Ы. Омарбаев ҚазМемҚызПУ-да өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының дара тұлғалары: ерлік пен елдіктің елшісі» атты Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында ұйымдастырылған интеллектуалды олимпиадада әділ-қазылық етті.

02-03.04.15. Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Түркістан қаласында «Қазақ хандығының тарихындағы Түркістанның орны» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға институттың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев (баяндама тақырыбы – «О некоторых символах власти (трон и корона: от монгольской империи к казахскому ханству) о дипломатических контактах казахского ханства с мусульманскими государствами (ХVІ-начало ХVІІІ в)»), Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Ә. Дәулетхан (баяндама тақырыбы – «Монғол ұлыстық билігі дәуірімен Қазақ хандығы тұсындағы Ислам және оның өзіндік ерекшеліктері»), Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК Р.Е. Оразов (баяндама тақырыбы –«Кенесары – қазақтың соңғы ханы») қатысып, ғылыми баяндамаларын оқыды.

03.04.15. «Президент және халық» газетінің №14 (500) санына Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. К.Қ. Нұрымбетованың Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бейбіт өмір тетігі – тұтастық пен татулық» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

03.04.15. «Ғылым Ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы мүшелерінің ғылыми интеллигенция өкілдерімен кездесуі өтті. Аталмыш шараға институт қызметкерлері де қатысты.