Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 06-12.04.15.


07.04.15. Институтта «Отан тарихы» 20 томдығын жазу барысындағы мәселелерді талқылауға арналған кезекті методологиялық семинар өтті.

03-09.04.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева Түркия республикасы Стамбул қаласына Қазақстандағы ашаршылық жылдарында шетелге қоныс аударған қазақтар туралы материалдар жинақтау мақсатында ғылыми іс-сапарда болып қайтты.

10.04.15. «Дала мен қала» газетінің №13-14 (18) санында институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановтың республиканың саяси, экономикалық және мәдени дамуына басшылық жасаған ұлылардың бірі Жұмабек Тәшенов туралы мақаласы жарық көрді.

10.04.15. «Ғылым ордасы» ғимаратында Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «Ғылыми қазына» салааралық ғылыми бағдарламаны іске асыру қорытындылары және «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулер бағдарламасын іске асыру перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы барысында институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов «Ғылыми қазына» және «Халық тарих толқынында» бағдарламалары аясында шығарылған іргелі зерттеулерді айта келе, «Отан тарихы» көптомдығының жазылу барысы мен кездескен қиыншылықтар және алдағы міндеттерді ортаға салды.

10.04.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов «Еуразия» телеарнасына «Ғылыми қазына» және «Халық тарих толқынында» бағдарламалары бойынша шетелден әкелінген құжаттар туралы сұхбат берді.

11.04.15. «Ғылым ордасы» ғимаратында Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын іске асыру аясында Қазақстан ғылымын дамыту» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов қатысып, баяндама оқыды.