Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 13-19.04.15.


13.04.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Мир» телеарнасына сұхбат берді. Невель коменданты полковник Абильхаир Баймульдинге арналып түсірілген 2 бөлімнен тұратын фильмге ғылыми кеңесшісі болып бекітілді.

14.04.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Білім және мәдениет» телеарнасына «Соғыстың атты әскер батырлары» атты тақырыпта сұхбат берді.

16.04.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Білім және мәдениет» телеарнасына Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров туралы сұхбат берді.

16.04.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов «Түркменстанның бейтараптығы – елдің сыртқы саясаты» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама оқыды.

17.04.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де өткен Жеңістің 70-жылдығына орай өткен «Ұлы Жеңістің қазіргі таңдағы ғылыми-тарихи маңызы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, ғылыми баяндамасын конференция қатысушылары назарына ұсынды.

17.04.15. Институтта кезекті Ғылыми кеңес өтті. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: 1) «Қазақстан тарихы» («Отан тарихы/Отечественная история») көптомдығының 17 және 19 кітаптарын талқылау; 2) Жас ғалымдар кеңес қызметі жөнінде 2014 ж. есебі; 3) 2014 ж. Кәсіподақ ұйымының қызметі туралы есеп; 4) Институт кітапханасы қорының толықтырылуы мен басылымдардың таралымы туралы есеп; 5) Институттың 2014 ж. заң қызметі туралы есебі; 6) 2014 ж. қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есебі; 7) Әртүрлі мәселелер.