Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Шоқан Уәлиханов және қазақ фольклоры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция


24 сәуірде М.О. Әуезов атындағы мұражайында Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына орай М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдасыруымен өткен «Шоқан Уәлиханов және қазақ фольклоры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына институт директоры Х.М. Әбжанов пен институттың ғалымдары С.О. Смағұлова, Ә.Қ. Шашаев, А.Н. Қонқабаева қатысып, Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің маңыздылығын әр қырынан көрсетуге тырысты. Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов Шоқанның  тұлғатану саласына қосқан үлесін саралап берсе, т.ғ.д. С.О. Смағұлова 1913-1918 жж. аралығында шыққан «Қазақ» газетіндегі Шоқан бейнесіне тоқталды. Т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев Шоқан еңбектеріндегі Ұрыс хан туралы мәліметтерді аша түссе, кіші ғылыми қызметкер А.Н. Қонқабаева Ш, Уәлихановтың еңбектерінің тарихи маңыздылығына тоқталды.