Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 27.04-03.05.15.


27.04.-28.04.15. Мәскеу қаласында Ресей ғылым академиясының ұйымдастыруымен Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ортақ Жеңіс: тарих мен жады» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл конференцияға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов «Интеллектуальный вклад Казахстана в Великую Победу», Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Казахстанцы на фронтах Великой Отечественной войны: поиски и проблемы» және Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. С.Ә.  Асанова «Национальное и интернациональное в сознании воюющего народа» тақырыбындағы ғылыми баяндамаларын конференция қатысушылары назарына ұсынды.

28.04.15. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен шекаралас елдер тарихы бөлімінің ЖҒҚ, т.ғ.к. Ә. Дәулетхан Қазақстан телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасына қатысып, «Зұлмат жылдар шежіресі» деген тақырыпта сөз сөйледі.

24-29.04.15.Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК Р.Е. Оразов Қытай Халық Республикасы Үрімші қаласына Қазақстандағы ашаршылық жылдарында шетелге қоныс аударған қазақтар туралы материалдар жинақтау мақсатында ғылыми іс-сапарда болып қайтты.

29.04.15. Этнология және антропология бөлімінің ЖҒҚ, т.ғ.д., доцент А. Тоқтабай «Қазақ радиосында» «Қыз баланың тәрбиесі – анадан» деген тақырыпта сөйледі.

01.05.15. Этнология және антропология бөлімінің ЖҒҚ, т.ғ.д., доцент А. Тоқтабай «Түркістан» газетінде «Көкбелден шыққан генерал» атты мақаласы жарияланды.