Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 20-26.04.15.


20.04.15. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Қазақстан халқының біртұтастығы – ел дамуының басты шарты» тақырыбында баяндама жасады (т.ғ.д., профессор Ғ. Халидуллинмен бірлескен).

21.04.15. Институтта «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының кезекті отырысы өтіп, оған 1937-1938 жылдары қуғындалып кеткен ұлт зиялыларының ұрпақтары мен мүшелері қатысып, қоғамның алдағы уақытта атқаратын жұмыстары қарастырылып, жоспары қабылданды.

22.04.15. Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов пен Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде «Ш.Ш. Уәлиханов өмірі мен қызметі» туралы дәріс оқыды.

22.04.15. Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Әлемдік диаспоралар және оның мәселелері» тақырыбында халықаралық деңгейде өткен дөңгелек үстелде баяндама жасады.

23.04.15. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжановтың «Қазақта батыр партизандар көп» атты мақаласы «Аңыз адам» журналында (2015, №9) жарияланды.

23.04.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Қазақ партизандарының жеңіске қосқан үлесі орасан» атты мақаласы «Аңыз адам» журналында (2015, №9) жарияланды.

24.04.15. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ә.Қ.Шашаев және институттың кіші ғылыми қызметкері А.Н. Қоңқабаева ҚР БҒМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ш.Ш. Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырған «Шоқан Уәлиханов және қазақ фольклоры» атты халықаралық ғылыми–теориялық конференцияға қатысып, баяндамалар жасады.

24.04.15. «Историческое пространство: Проблемы истории стран СНГ» (2014) атты журналда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институт директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атыгаевтың «К вопросу об этнической связи между древними и современными уйгурами» деген мақаласы жарияланды.

24.04.15. «Историческое пространство: Проблемы истории стран СНГ» (2014) атты журналда Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері М.Р. Сатенова т.ғ.д. С.Ф. Мажитовтың «Историческая наука Казахстана: современное состояние и тенденции развития» (Алматы, 2013) деген еңбегіне рецензиясы жарық көрді.