Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 04-10.05.15.


05.05.15. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы соғыс, ұлы ерлік, ұлы жеңіс» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға соғыс ардагері Н.Е. Едігенов қатысып, Институт директоры т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА корр-мүшесі Х.М. Әбжанов Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Институттың 70 жылдығына орайластырып қайта басып шығарған ардагердің «Участие казахстанцев в партизанском движении в Белоруссии в годы Великой Отечественной войны» атты кітабын авторға тарту етті.

05.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов Қазақстан телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасына қатысып,«Тылдағы қазақ әйелдері» деген тақырыпта сөз сөйледі.

05.05.15. Этнология және антропология бөлімінің ЖҒҚ, т.ғ.д., доценті А. Тоқтабай «Радиоточкада» «Қазақта қайыршылық қалай пайда болды?» деген тақырыпта сөйледі.

06.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов Ресейдің Алтай университеті, Қытайдың Пекин университеті, Қазақстанның Абай атындағы ҚазҰПУ-тері арасында өткен халықаралық онлайн-конференцияға қатысып, «Казахстан в Великой Отечественной войне Советского союза» тақырыбында баяндама жасады.

06.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Білім және мәдениет» телеарнасынасұхбат берді. Сонымен қатар 2 бөлімнен тұратын «Комендант Невель» деген телефильмге ғылыми кеңесші болды.

06.05.15. «Ана тілі» газетінің №18 (1276) санындаЖаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК Р.Е. Оразовтың «Шақпақ – Высокое деп атала бере ме?» деген мақаласы шықты.

06.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов Алматы әкімдігі Мәдениет басқамасында өткен конференцияда «Вклад Алматы в Великую Победу» атты тақырыпта баяндама жасады.

06.05.15. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмас» атты дөңгелек үстел өтті. Онда институттың ғылыми қызметкері Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлы «Үйге оралудың ұзақ жолы (түркістандық легионер Б. Әлімжановтың тағдыры жайлы)» деген тақырыпта баяндама жасады. Дөңгелек үстел соңында институтқа «Ер есімі – ел есінде»атты кітапты сыйға тартты.

07.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Хабар» телеарнасындағы «Ашығын айтқанда» бағдарламасына қатысып, «Қазақстан соғыс жылдарында» деген тақырыпта сөз сөйледі.

07.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Хабар» телеарнасына «28 батыр панфиловшылар туралы» деген тақырыпта сұхбат берді.

08.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов Алматы телеарнасына «Біздің Жеңіс» атты тақырыбында сұхбат берді.

08.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов Қазақстан телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасына қатысып, «Панфиловшылар ерлігі болды ма?» деген тақырыпта сөйледі.

08.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Қазақ радиосына» «Қазақстан соғыс жылдарында» деген тақырыпта сөйледі.

09.05.15. ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы мен Қазақстандық Жарты ай қоғамының Басқармасымен бірлесіп өткізген ғылыми конференциядаКеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Казахстан – фронту» деген тақырыпта баяндама жасады.

30.04-09.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Білім және мәдениет» телеарнасынасұхбат берді. Сонымен қатар 7 бөлімнен тұратын «Первые Герои Казахстана» дегент телефильмге ғылыми кеңесшіжәне комментатор болды.

09.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов«Азаттық» радиосы өткізген«Бұл қандай соғыс» деген тақырыптағы онлайн-конференцияда қазақ және орыс тілдерінде сұхбат-сауалнамаға жауап берді.

10.05.15. Қазақстандағы Бейбітшілік қоры филиалы мен Соғыс ардагерлер одағында бірігіп өткізген соғыс ардагерлерімен өткен кездесудеКеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Подвиг казахстанцев в годы войны» тақырыбында сөйледі.