Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында  Жапонияда табылған  «Монғолдың жер-су картасының» (Мэнгу Шаньшуй диту)  тұсаукесері өтеді.

 

Өткізілу орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 үй,

Ғылым Ордаcы: Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты,

205 бөлме.

Өткізілу уақыты:  03 маусым,  2015 ж. сағат: 11.00

Байланыс телефондары:   2616719; 2611635; 2724654.

 

Пекин университеті Археология және Мұражайтану институтының профессоры Линь Мэйцунь (Lin Meicun) 2002 жылы Жапониядан  Қытайға әкелінген «Монғолдың жер-су картасын» (Мэнгу Шаньшуй диту) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорына тарту етеді.

XV ғасырда түзілген бұл карта Мин патшалығы тұсындағы Қытайдың Батысы Цзяюй Гуаньнан Стамбұлға дейінгі аралықтағы Жібек жолындағы қалалар көрсетілген.  Транзиттік Жібек жолындағы Қазақстандағы қалалардан Отырар, Сауран және Шайбанилардың қалалары бар. Картаның түпнұсқасы түрлі-түсті, ұзындығы 40 метрге жетеді.  Бізге әкелінгені көшірме – 10 метр.

1949 жылы Чан Кайши Қытайдан қашқан кезде түпнұсқа мен көптеген құжаттарды алып кеткен деген ұстаным бар. Картаның екінші нұсқасы Тайваннан табылған екен. Оны Қытайдың Мемлекеттік қорғаныс уәзірлігі жасатса керек. Үшінші түпнұсқа ақ-қара түсті, жергілікті мекемелер жасатқан.

Картада 200-ден астам жер-су аттары кезедеседі. Оның 60 пайызы түркі тілінде.

 

Ұйымдастыру комитеті