Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Монғолдың жер-су картасының» тұсаукесері өтті


2015 ж. 3 маусымда институтта өткен тұсаукесерде Пекин университеті Археология және Мұражайтану институтының профессоры Линь Мэйцунь (Lin Meicun) 2002 жылы Жапониядан Қытайға әкелінген «Монғолдың жер-су картаны» (Мэнгу Шаньшуй диту) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорына тарту етті.

Жиын барысында институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов картаны табыстаған қытай ғалымының ғылыми өмірі, қызметі мен ғылыми-зерттеу бағытымен, карта тарихымен таныстырып өтті.

XV ғасырда түзілген бұл картада Мин патшалығы тұсындағы Қытайдың Батысы Цзяюй Гуаньнан Стамбулға дейінгі аралықтағы Жібек жолындағы қалалар көрсетілген. Ұлы Жібек жолындағы қазақ даласындағы қалалардан Отырар, Сауран және Шайбанилардың қалалары бар. Картаның түпнұсқасы түрлі-түсті, ұзындығы – 30 метр, ені – 60 сантиметрге дейін жетеді. Бізге әкелінгені көшірме – 10 метр.

Картаның екінші нұсқасы Тайваннан табылған екен. Оны Қытайдың Мемлекеттік қорғаныс уәзірлігі жасатса керек. Үшінші түпнұсқа ақ-қара түсті, жергілікті мекемелері жасатқан. 200-ден астам жер-су аттары берілген. Оның 60 пайызы түркі тілінде.

Тұсаукесер барысында институт қызметкерлері Линь Мэйцунь мырзаға сауалдар қойыды. Сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстар мәселесі де сөз болып, қытай ғалымы бұл картаның Орта Азия елдері ішінде Қазақстан тарихы үшін аса маңыздылығын атап өтті және Қазақстаннан Пекин университетіне оқуын жалғастырушы жас ғалымдар болса қуанышпен қарсы алатындығын жеткізді.

Қонаққа институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор А.У. Тоқтабай «Қазақ жылқысының тарихы» кітабын тарту етті.

Журналисттердің тарапынан карта сақтау мәселесіне орай қойылған  сауалға иинститут директоры Х.М. Әбжанов ғылыми-зерттеу жүргізілгеннен кейін ұлттық мұражайға тапсыратындығын айтты.