Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 18 – 24.05.15


18.05.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Радиоточкаға» «Қазақтың жасөспірімдерді тәрбиелеу дәстүрі» тақырыбы аясында сұхбат берді.

19.05.15. Институт пен «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы бірлесе ұйымдастырған Иса Тергеусізовке арналған «Жетісудағы алаш қозғалысы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

19-21.05.15. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да (Түркістан қ.) өткен «Қазақ мемлекеттілігіндегі Қазақ хандығының орны» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов қатысып, «Қазақ мемлекеттілігінің тарихи дәуірлері» тақырыбында баяндама жасады. 

19.05.15. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «Караван» газетіне Қазақстандағы ХХ ғ. 20-30-жж. ашаршылық туралы сұхбат берді.

20.05.15. Институтта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бағдарламасына арналған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі және Қазақстан тарих ғылымы» атты дөңгелек үстел өтті. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов аталмыш құжаттың мазмұны мен негізгі бағыт-бағдарларын атап өтті.

21.05.15. Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев «Хабар» телеарнасындағы «Әңгіменің ашығы керек» бағдарламасында Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына орай ой-пікірін ортаға салды.