Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 25 – 31.05.15


26.05.15. Институтта «Тәуелсіздік заманындағы қазақ ауылы: этносоциологиялық зерттеулердің әдістемесі» тақырыбында кезекті методологиялық семинар өтті.

27.05.15. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «1920-1930-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және Алаш азаматтары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «1930 жылдардағы ашаршылық және саяси қуғын-сүргін тарихымыздың ең қасіретті кезеңі» тақырыбында баяндама оқыды.

27.05.15. Институтта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер: 1) Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жеке жоспарларын орындау бойынша докторанттардың есептері (жартыжылдық және жылдық); 2) Магистранттардың курстық жұмыстарын талқылау; 3) «100 қадам (бағдарламасы бойынша институтта іс-шара өткізу туралы; 4) Шетелдік жоғары көрсеткішті журналдарға мақала жариялау жөнінде; 5) Әрүрлі.

28.05.15. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы және Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қалалық хатшылығымен бірге«Тарих тағлымы – ел бірлігінің қайнары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов (баяндама тақырыбы – «Ашаршылықтың қасіреті мен салдары»), Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов (баяндама тақырыбы – «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы»), Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова (баяндама тақырыбы – «Ашаршылықтың демографиялық салдары») қатысып, баяндама жасады.

29.05.15. «Караван» газетінің №21 (406) санына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұмановтың «Голод 30-х годов: миллионы смертей в мирное время» тақырыбында берген сұхбаты жарияланды.

29.05.15. Институт директорының коммерциялық және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова мен Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. З.М. Төленова Абай атындағы ҚазҰПУ-да т.ғ.д., профессор М.К. Төлекованың 60 жылдық мерейтойына орай «Отан тарихының ХХІ ғасырдың басындағы дамуы: жетістіктері мен мәселелері» тақырыбына жоғары оқу орындары аралық  ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасады.