Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті


2015 ж. 5 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоратының Мәжіліс залында «Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Бұл айтулы іс-шараға шетелден тарихшы-ғалымдар, отандық тарихшылар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен біздің институттың ғылыми қызметкерлері, Алматы қ. әкімінің орынбасары З. Аманжолова, ҚР Мәжіліс депутаты А.Ұ. Тұртаев, сонымен қатар магистранттар қатысты. Конференция жұмысын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов кіріспе сөзімен ашып, конференцияға келіп түскен құттықтаулармен таныстырып өтті.

Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.Ә. Атығаев өз сөзінде Қазақ хандығы тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай, Мұхамед Хайдар Дулатидің еңбегінің ғылыми маңыздылығын айтты.

Конференция барысында Қазақ хандығының қалыптасуының алғышарттары мен саяси-этникалық негіздері, Қазақ хандығы туралы жазбаша деректер, Қазақ хандығының сыртқы саясаты мәселелері жан-жақты сөз етілді.