Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 01-07.06.2015


03.06.15. Жапониядан Қытайға әкелінген «Монғолдың жер-су картасын» (Мэнгу Шаньшуй диту) Пекин университеті Археология және мұражайтану институтының профессоры Линь Мэйцуньнің институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановқа тарту еткен тұсаукесер рәсімі өтті.

04.06.15. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Хабар телеарнасына «Ұлы Отан соғысындағы атты әскердің рөлі» тақырыбында сұхбат берді.

04.06.15. «Айқын» газетінің №100 (2732), «Дала мен қала газетінің №22 (26), «Алматы ақшамы» газетінің №68 (5102) сандарына қытайлық ғалым Линь Мэйцуньнің институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х.М. Әбжановқа табыстаған «Монғолдың жер-су картасының таныстырылымы туралы «Қытайдан келген тарихи құжат» тақырыбында ақпараттық мақала жарияланды.

05.06.15. ҚР Ұлттық кітапханасының көрмелер залында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Казахская диаспора и репатриация. 1991-2012» атты ұжымдық ғылыми монографиясының тұсаукесері өтті. Конференцияға институт директорыныңұйымдастыру және коммерциялық мәселелері жөніндегі орынбасары орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова және Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова мен аталмыш бөлім қызметкерлері қатысты.

05.06.15. Институт пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл айтулы іс-шараға шетелдік және отандық тарихшы-ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, институттың ғылыми қызметкерлері мен магистранттар қатысты.