Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дөңгелек үстел


2015 ж. 11 маусымда ХХ ғасырдың екінші жартысында ұлт мүддесі жолында қажырлы еңбек етіп, қазіргі ұлт территориясының тұтас сақталып қалуына ерен үлес қосқан тұлға – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған Ж. Тәшеновтің қоғамдық еңбегі орасан зор. Биыл нар тұлғаның туғанына 100 жыл толуына орай Институтта «Жұмабек Тәшенов – азамат, қайраткер, тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы мүшелері мен институт қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова модератор міндетін атқарды.

Бас баяндаманы Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов Ж.А. Тәшеновтің тоталитарлық жүйеде тәрбиеленіп, сол жүйеге қызмет етті. Мансап қумай, өз басын тігіп жер тұтастығын үшін күресті. Аудандық, облыстық басқармалар басшылығына дейін қызмет етуі Жұмабек Тәшенов үшін ең үлкен өмір мектебі болды. Тұлғаның іскерлігі халық жадында әлі күнге сақтаулы деп айтып өткен ғалым Ж. Тәшеновтің өмірі мен қызметі туралы өзекті баяндама жасады.

Келесі сөз кезегін алған баяндамашы «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының басқарма мүшесі, т.ғ.к. Б.О. Қойшыбаев Ж. Тәшеновтің ұлт мүддесі жолындағы қызметін айтып кетті. Халықты осы қасіретті тарихпен тәрбиелеу қажеттігін, сонымен қатар «Әділет» тарихи-ағарту орталығы мен тарихшылардың бірлескен қызметі маңызды екендігін айтып өтті.

Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к. С.Ә. Асанова ұлт зиялыларының ұлттық көзқарастары, ұлттық кадрлардың кезеңдері мәселелесіне тоқтала келе, Жұмабек Тәшеновтің ұлттық кадрларды дайындауда атқарған істерін жан-жақты баяндады. Сол кезеңдегі қазақ интеллегинциясы мәселесіне тарихи талдау жасады.

Дөңгелек үстел барысында институт қызметкерлері т.ғ.д. Г.С. Жүгенбаева, т.ғ.к. Ә. Дәулетхан, «Әділет» қоғамының мүшелері Н. Азербаев пен С.І. Жансүгіровтер сөз алып, ұлтының қайсар ұлы Ж. Тәшеновтің өмірі мен қызметі туралы өз пікірлерін қосып, адамзатты тәрбиелеудегі тарих ғылымының маңызын айта өтті.